×

Тауарды тым қымбатқа сататын дүкендер автоматты түрде анықталады

Тексеруге ешкім келмейді, бәрі автоматты түрде жасалады

 Дәурен Ерболат 22.02.2024 | 12:54
көрнекі фото: Halyq Uni

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов тауарларды қымбатқа сататын шағын дүкендердің қалай тексерілетінін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің орынбасары дүкендердегі бағаға талдау (Big Data) жүргізілетінін айтты.

«Жалпы бұл тексерулер санына әсер етпейді. Талдау жасау арқылы, яғни цифрлық жолмен іске асырылады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен фискалдық органдардың бұған дейін жүргізген ауқымды цифрландыру жұмыстары елеулі әсерін тигізеді», - деді Тимур Жақсылықов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Вице-министр түбіртектер мен шот-фактураларды талдау барасында тауарларды тым қымбатқа сататын дүкендер анықталатынын атап өтті.

Олардың негізінде қандай сауда субъектісінің үстемені асыра қосып жатқаны белгілі болады. Тексеруге ешкім келмейді. Мұның бәрі автоматты түрде жиналады. Жүйе оны есептеп анықтайды, - деді министрдің бірінші орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама