×

«Кәсіпкер екенін қайдан білеміз?» - Үкімет мобильді аударымдарды тексермек

Бәрі салық төлеуге міндетті

 Дәурен Ерболат 13.02.2024 | 12:33
фото: Halyq Uni

Мобильді аударымдарды тексеру мәселесін қайта қарастырамыз. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министр аталған мәселе өте сезімтал екенін мойындады.

Сондықтан маған оны тағы бір рет қарау туралы тапсырма берілді. Біз қаржылық-экономикалық блоктың ішінде бұл мәселені қарастырамыз. Өлшемшарттарын, тетіктерін әлі де егжей-тегжейлі қараймыз. Бұл мәселеге қайта ораламыз, - деді премьер-министрдің орынбасары Үкіметтің баспасөз орталығында. 

Сондай-ақ Қаржы министрі Мәди Такиев мобильді аударымдар тексерілетінін айтып қалды.

Мобильді аударымдар қалады. Оны бәрібір тексереміз. Норма жағын қарастырамыз... Сіз оның жеке кәсіпкер екенін қалай анықтайсыз? Тағы да айтайын, біз құқықтық және әділетті мемлекетпіз, дұрыс па? Сіз бен біз осы заңның сақталуын қарауымыз керек. Біреулер төлейді, біреулер төлемейді. Әділдік болуы керек. Демек, бәрі салық төлеуі шарт.  Бірақ әркімнің өз мөлшері болатыны түсінікті.

Сондықтан біз әртүрлі (салық) режимдерді қарастырып жатырмыз. Осы режимдер арқылы (салық жүйесі) қалай жұмыс істейтінін ойластырудамыз. Алайда бәрін қудалау міндеті тұрған жоқ», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама