×

Таразда қала көшелерін жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған шенеунік сотталды

Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді

 Динара Амантай 09.02.2024 | 11:23
Фото: gov.kz

Тараз қаласының прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырлғанын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З. Тұрсынұлы және «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Е. Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Осы факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы («Жымқыру») бойынша қылмыстық істі тіркеп, облыстық прокуратурамен бірге тергеп-тексеру іс-шарасы жүргізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тараз қалалық №2 сотының 2024 жылғы 5 ақпандағы үкімімен З. Тұрсынұлы мен Е. Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама