×

Букмекерлік кеңселер мемлекетке тұтынушылары туралы ақпарат беруге міндеттелмек

Мемлекеттік кірістер комитетіне ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка қоюшының жеке табыс салығы да ұсынылады

 Еркеғали Болатұлы 04.02.2024 | 18:01
фото: Halyq Uni

Қаржы министрлігі нормативтік құқықтық актілер порталында букмекерлік кеңселер Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпараттық жүйесіне өз тұтынушылары туралы күнделікті есеп беруге міндетті болатын ереже жобасын ұсынды.

Құжатта атап өтілгендей, ақпарат ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық және бағдарламалық жүйелерін МКК жүйесімен біріктіру арқылы берілетін болады.

Құмар ойындары нарығының қатысушылары туралы мындай ақпараттар белгілі болуы керек:

  • бәс тігушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
  • тұтынушының жеке ойын шотындағы күн басындағы қалдық сома;
  • ойынның әрбір нәтижесі бойынша бәс тігушілер салған ставканың күні мен уақыты;
  • ойынның әрбір нәтижесі бойынша жасалған бәстің сомасы;
  • әрбір ойындағы ставка жасаушы нәтижесінің күні мен уақыты;
  • ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка жасаушы жоғалтқан сома;
  • ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка жасаушының ұтыс сомасы;
  • бәсте төленген ұтыс сомасы.

Бұдан басқа, Мемлекеттік кірістер комитетіне ойынның әрбір нәтижесі бойынша ставка қоюшының жеке табыс салығы есептелген сомасы, сондай-ақ бәс тігушінің жеке ойын шотындағы қалдық сомасы ұсынылуға тиіс.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен келісілген бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Құжатты қоғамдық талқылау 15 ақпанға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама