×

Қарағанды облысында аудан әкімдігі жоқ жолды жөндеуге 328 млн теңге жұмсамақ болған

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жарияланған конкурс жойылды

 Динара Амантай 29.01.2024 | 09:55
Фото: Halyq Uni

Қарағандыда прокуратураның қадағалау актісі бойынша 328 миллион теңгеге іс жүзінде жоқ жолды ағымдағы жөндеуге арналған конкурс жойылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ақтоғай ауданы прокуратурасының наразылығы бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің 328 миллион теңгеден асатын іс жүзінде жоқ «Ақжарық-Аппаз» тасжолын ағымдағы жөндеуге ашық конкурс өтпейтін болды. Жолдың бұл учаскесінде жергілікті және облыстық деңгейдегі уәкілетті органдардың балансында ешқандай жол жоқ екені анықталды.

«Автомобиль жолдары туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, автомобиль жолын ағымдағы жөндеу – автомобиль жолдарындағы төтенше жағдайлардың, ақаулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін жұмыстар кешені, сондай-ақ жыл бойы жүргізілетін автомобиль жолдарын жедел қалпына келтіру және жөндеу, оның ішінде маршруттық әдіспен іске асырылатын қираған учаскелерді жөндеу шаралары. Тиісінше, ағымдағы жөндеу жұмыстары қолданыстағы тасжолда жүргізілуі керек, – деп түсіндірді прокуратурада.

Ал «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 60-бабы 1-тармағына сәйкес, объектілер мен олардың кешендерінің құрылысы жобалық (жобалық-сметалық) құжаттама бойынша іске асырылады. Осы норманы бұза отырып, экономика бөлімі құрылыс жобасы жоқ жаңа тасжол салуға әрекеттенген.

Құрылыс-монтаж жұмыстары олар бойынша мемлекеттік сатып алулар Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №46 бұйрығымен бекітілген «Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы іске асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесіне» енгізілген. Осыған қарамастан, құрылыс-монтаж жұмыстары туралы хабарландыру ашық конкурс арқылы орналастырылған, – делінген хабарламада.

Ақтоғай ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша бұл конкурс жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама