×

СҚО-да білім бөлімінің басшысы парақорлық күдігімен ұсталды

Пара беруші де тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды

 Еркеғали Болатұлы 23.01.2024 | 13:40
фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысы ұсталды. Ол 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші орынбасары Айдос Жүнісовтің айтуынша, ауданда 2 мектепке күрделі жөндеу жүргізілген. Пара орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін берілген.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ауданда құрылыс жұмыстарын іске асырған мердігер ұйымның делдалынан 1,2 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Тимирязев ауданы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдіктілер – пара беруші де, пара алушы да тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, - деді Айдос Жүнісов.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама