×

Ақтауда 400-ге жуық үлескерді алдап соққан құрылыс компаниясының басшысы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

фото: Lada.kz

«Тастемір LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы 2019 жылдан бері «Гаухар тас», «Таунхаус», «Бәйтерек», «Тау Самалы» сынды тұрғын үй кешендерін саламыз деп жарнама жасап, 395 салымшымен заңсыз келісімшарт жасасқан. Алайда, баспаналы болуды армандаған азаматтар сан соғып қалды. Өйткені компания басшысы бір пәтерді бірнеше адамның атына рәсімдеген. Келтірілген шығын көлемі 1 миллиард 812 миллион теңгеден асады.

Алданған үлескерлер былтырдан бері арыздана бастаған. Тіпті баспанасын даулағандар қала, облыс әкімдігі мен соттың алдына да барды. Осы шудан кейін компания басшысы ұсталған. Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Ақтау қаласы сотының үкімімен Қоштаев Орақ Таубаевич ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге деп белгіленді, - деді Ақтау қалалық сотының судьясы Айнұр Қазылбаева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама