×

Жалпыға бірдей декларация: Қаржы вице-министрі меншігінде қандай қымбат мүлік барын айтты

Келесі жылдан бастап мемлекеттік саяси қызметкерлер де декларация тапсырады

 Дәурен Ерболат 09.01.2024 | 17:15
көрнекі фото: Halyq Uni

2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстандағы мемлекеттік саяси қызметкерлер декларация тапсыруға міндеттеледі.

Үкіметтің баспасөз орталығында жалпыға бірдей декларацияны түсіндірген Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов меншігінде қандай мүлкі барын айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның 11-бабына сәйкес, мемлекеттік саяси қызметкерлер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларация жариялауға тиіс. Өзіме тоқталайын. Мен декларацияда өзіме тиесілі 3 бөлмелі пәтер мен көлік барын көрсеттім, - деді Ержан Біржанов.

Министрдің орынбасары көлігі аса қымбат емес екенін айтты.

Көлігім соншалықты қымбат емес – 2017 жылы шыққан BMW.

Мен киген костюм мен аяқ-киім Қазақстанда жасалған. Ауданы 74,5 шаршы метр болатын пәтерім бар. Оның нарықтағы құнын білмеймін, тек оның қайда орналасқанын көрсеттім. Пәтердің құнын мен бағаламаймын. Оны салықты есептейтін уәкілетті органдар бағалайды. Мен жыл сайын салықтарды төлеп жүрмін, - деді ол.

2021 жылдың қаңтарынан бастап елімізде кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларация енгізілген. Ондағы негізгі міндет – әділ салық салуды қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың кірісін бақылау, жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Бастапқы кезең – 2022 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Онда мемлекеттік қызметтегі басшылар мен қызметшілер, сондай-ақ олардың жұбайлары табысын көрсеткен еді. Екінші кезең 2023 жылы 1 қаңтарда басталды, былтыр декларация тапсырушылардың қатары квазимемлекеттік қызметшілер және олардың жұбайларымен толықты. Енді биыл декларацияның үшінші кезеңі басталады. Соған сәйкес кәсіпкерлер – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар және олардың жұбайлары тапсырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама