×

Түркістан облысында әкімдіктер 66 млн теңгеден аса қаржыны негізсіз жұмсамақ болған

Өңірде бүгінде 121 ерікті көмек көрсетіп жатыр

 Динара Амантай 30.12.2023 | 16:17
Фото: СЖҚА Түркістан облысы бойынша департаменті

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы шеңберінде еріктілер 3 айдағы жұмыс нәтижесінде бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігін бақылау арқылы 66 млн 333 мың 78 теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Мұрат Ахтанұлы баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, жергілікті атқарушы органдар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге тым жоғары баға қойған.

Мәселен, Сайрам орталық аудандық ауруханасы «А» корпусының қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысының сметалық құжатына 10,8 млн теңге ұсынған. Еріктілердің қырағылығымен қазынаның 10,6 млн теңгесі үнемделіп, ұсынылған мемлекеттік сатып алу 200 мың теңгеге жоспарланды.

Сондай-ақ, Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы сайттарды ақпараттық қолдау көрсету қызметіне 11 млн 200 мың теңге жоспарлаған, бұл – өте жоғары баға. Еріктілердің жіті қадағалауымен бюджеттің 7,1 млн теңгесі үнемделді. Біздің өңірден бүгінде 121 ерікті осы жоба бойынша еріктілік көмек көрсетіп жатыр, – деді Мұрат Ахтанұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама