×

Қазір 8 мың адамның мобильді аударымы тексеріліп жатыр

570 мыңнан астам адам жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне өткен

 Еркеғали Болатұлы 21.12.2023 | 11:20
фото: Halyq Uni

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар бойынша лимиттен асып кеткен 8 мың қазақстандыққа қатысты талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Әңгіме бірінші кезеңде декларация тапсырған қазақстандықтар туралы болып отыр.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларация тапсырғандар:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
  • «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «ОБ нарығы туралы» заңдарға сәйкес, ұсыну міндеті жүктелген адамдар.

Бүгінде келіп түскен ақпарат бойынша талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оны бірінші рет алып отырмыз. Нақтылауды қажет ететін тұстары бар. Сондықтан барлық азаматқа бірден ескерту беріп, айыппұл саламыз деп айта алмаймыз.

8 мың азамат туралы ақпарат алдық, барлығы 570 мыңнан астам адам жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне өтті. Мұнда тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, олардың жұбайлары да бар», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама