4% автонесие: Бір аптада 14 507 өтінім түсіп, 34 көлік сатылды
Автокредиттің қалай беріліп жатқаны белгілі болды
Қазақстанда 16 мамырда басталған 4 пайыздық жеңілдікпен автонесие бағдарламасы бойынша барлығы 34 автокөлік сатылды. Бұл туралы бүгін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Бастапқы игеруде 10 мыңнан астам автокөлікті жаңарту көзделіп отыр. Егер азаматтарымыз алғашқы өтінішін берген кезде автокөлік ала алмаса, көлік алып үлгерген жеке тұлғалардан төлем түскен кезде қайтадан жүгіне алады. Яғни, бір-екі айдан соң жеңілдетілген автонесиеге қайтадан өтініш бере алады», - деді Ибрашева ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда бағдарлама бойынша өтінімді Центр Кредит, Еуразия банкі мен Халық банкі қабылдап жатыр. Сондай-ақ бүгін бұл тізімге Форте банк қосылады деп күтіліп отыр.
Бағдарлама басталғаннан бері 14 507 өтінім түсті. Оның ішінде 35,7 млрд теңгеге 4834 жеке тұлғаның өтінімі қанағаттандырылды. Айта кететіні, 34 автокөлік сатып алынды. Нұр-Сұлтан қаласы – 11, Алматы – 4 , Ақтөбе – 3, Алматы облысы – 1, БҚО – 1, Жамбыл облысы – 4, Павлодар облысы – 4 , Шымкент – 6 көлік», - деп қосты спикер.
Сондай-ақ Жанар Ибрашева азаматтардың шағымдарынан кейін бағдарламаның бірқатар талабы жеңілдетілгенін атап өтті. Мәселен, азаматтардың өтінімдерінен кейін екінші деңгейлі банктерге төлем шотын ұсыну үшін vin-кодтың болуы туралы талап алынып тасталды.
«Сондай-ақ азаматтардан КАСКО сақтандыру туралы көп өтініш түсіп жатыр. Осыған орай, екінші деңгейлі банктерге жыл сайынғы негізде сақтандыру шарттары бағытталды. Қазір банктер өтінішті тек жыл сайынғы сақтандыру негізінде қабылдап жатыр. Бұған қоса қордың өтініш берушінің мақұлданған екінші деңгейдегі банктерінің тізімінен алынуына қатысты шағым түсіп жатыр.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» бір адамның жылына өтінішті екі рет қайта бермеуі үшін тек қана қарап отыратынын атап өткім келеді. Қордың екінші деңгейдегі банктің мақұлдаған тізімінен жеке тұлғаларды алып тастауға құқығы жоқ, жеке тұлғалар осыны түсінуі тиіс. Қормен басқа келісу жүргізілмейді», - деді Ибрашева.
Атап өтсек, жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасына 100 млрд теңге бөлінді.
Қазақстанда жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылды. 4% автонесие: Бүгін бағдарламаға өтінішті тек бір банк қабылдайды. Автосалондар ай сайын 7 мың көлікпен толығып тұрады. «Сақтандыру полисін алмасаңыз, машина жоқ»: автокредиттің талайға арман болып қалатын түрі бар. Жеңілдетілген автонесие: тағы бір банк өтінімдер қабылдай бастады. «Үш күн ғана күттім»: арзан автонесие бойынша алғашқы тұтынушы көлік алды. «Жасырын табыс есебінен 4 пайыз 12 пайызға айналады» - автонесие жыры.