×

Автосалондар ай сайын 7 мың көлікпен толығып тұрады

Шілдеден бастап ай сайын 4 мыңдай Hyundai автомобилі сатылады

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2022 | 15:10
фото: ашық дереккөз

Бүгін елімізде жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдау басталған күні «Қазақстан автобизнесі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Анар Мақашева автокөліктердің тапшылығы болмайтынын мәлімдеді.

Ол елімізде ай сайын 7 мың автокөліктің өндірілетінін, 4 пайыздық несие алушылардың үлкен сұранысына ие болып отырған Hyundai маркалы көліктердің өндірісі жыл ортасынан бастап көбейетінін айтты.

Hyundai компаниясының өкілдері шілде айынан бастап ай сайын 4 мыңдай автомобильдің сатылатынын айтты. 4 пайыздық автонесие бойынша алсақ, бір несие алушыға берілетін жалпы лимит 10 млн теңге деп көзделген.

Өнеркәсіпті дамыту қоры» жеңілдетілген автонесиеге бөлген ақшаның жалпы сомасы – 100 млрд теңге. Сонда кем дегенде 10 мың адам осы шарт бойынша несие алады деген сөз. Егер Hyundai ай сайын 4 мың көлік жеткізе алатынын айтып отырса, алдын ала брондау жасаған тұтынушылардың бәрі алдағы 1-1,5 айда өз көліктерін алады. Ең бастысы байбаламға салынбау керек, - деді Анар Мақашева БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

Бүгін Қазақстанда 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беру басталды. Оны әзірше бір банк қана беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама