×

Қазақстанда кино билеттері Ресейдегіден де қымбатқа сатылады

Ең төмен бағалар – Иран мен Шри-Ланкада

 Еркеғали Болатұлы 06.12.2023 | 11:05
фото: bangkokbook.ru

Қазақстан кино билетінің бағасы бойынша әлемдік тізімде 31-орында тұр. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Елімізде билеттің орташа құны – шамамен 6 доллар, яғни 2,5 мың теңге. Сонымен қатар, бір жылда кинотеатрлар қызметі 14% қымбаттаған. Ең көп өсім Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Абай облыстарында байқалады. Ал Түркістандағы ең қымбат кинотеатр қызметі – 2700, Қарағандыда – 1400 теңге.

Салыстырмалы түрде кино қызметінің құны бойынша Қазақстанға қарағанда, Ресей, Өзбекстан және Әзербайжанда билет әлдеқайда арзан екен.

Ең төмен бағалар – Иран мен Шри-Ланкада. Ең жоғарылары – Швейцария, Дания және Біріккен Араб Әмірліктерінде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама