×

Тұрмысы төмен отбасылардың құқығын бұзғандар 74 млн теңге айыппұл төледі

Аумақтық департаменттер 9 айда 1 268 тексеріс жүргізген

 Еркеғали Болатұлы 01.12.2023 | 16:25
фото: Halyq Uni

Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау мақсатында 851 тексеріс жүргізді, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Оның 417-сі жоспардан тыс жүргізілген. 303 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері тексерілді.

247 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 69 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тексерілді. Олардың арасында дүкендер, сауда орталықтары, медициналық мекемелер мен балалар үйі және сот, дәмхана, шаштараздар бар. Сонымен қатар музей мен кітапханалар да тексерілді, - деп мәлімдеді министрлік.

Тексеріс барысында қызмет көрсету сапасына қатысты заң бұзылғаны анықталған.

Жалпы, еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері биыл 9 айда 1 268 тексеріс жүргізген. Заң бұзшылықтар бойынша жалпы сомасы 74 млн теңгеден асатын 338 айыппұл салынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама