Жеңілдетілген автонесие: тағы бір банк өтінімдер қабылдай бастады
Бағдарлама іске қосылған күні өтінішті тек бір банк қабылдағаны белгілі
Halyk Bank жеңілдетілген автокредит бойынша өтінімдер қабылдай бастады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
«19 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша азаматтар тарапынан түскен өтінімдерді «Еуразиялық банк», «Банк Центр Кредит» және Halyk Bank қабылдап жатыр», – дейді ИИДМ.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы елімізде биылғы 16 мамырда басталды. Бағдарлама ережесі үкімет қауылысымен 15 сәуірде бекітілді. Бағдарлама операторы – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ. Қаржыландырудың жалпы сомасы – 100 млрд теңге («Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен).
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. 4% автокредит: Бүгін бағдарламаға өтінішті тек бір банк қабылдайды. «Сақтандыру полисін алмасаңыз, машина жоқ»: автонесиенің талайға арман болып қалатын түрі бар. Сыртта адам көп, іште көлік жоқ: автокредит ресімдеуге барғандар құр кеңес алып қайтты. Автосалондар ай сайын 7 мың көлікпен толығып тұрады. 4% автонесие: бір күнде қанша өтініш түскені хабарланды.