×

«Artsport» бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды

Прокуратура бағдарламаны іске асыру кезіндегі бірқатар бұзушылықтарды анықтады

 Динара Амантай 16.11.2023 | 15:24
Коллаж: Halyq Uni

«Artsport» бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, «Artsport» бағдарламасын іске асыру кезінде қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай бұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер болған. Сондай-ақ жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру фактісі де анықталды.

Жүйенің кемшілігі футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген. Аталған факті бойынша биыл 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша клуб директорына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар спорт клубтары мен мәдени үйірмелердің салық заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізілді. Жекелеген жеткізушілер «Аrtsport» жұмыс істеп тұрған кезде ҚҚС салығын төлеушілер ретінде қойылмаған.

Прокуратура мемлекеттік кірістер департаментіне қадағалау актісін енгізіп, нәтижесінде жеткізушілер 25 миллион теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама