×

Астанада 245 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды

Жәбірленуші ретінде 33 адам танылды

 Динара Амантай 16.11.2023 | 12:45
Фото: Halyq Uni

Астанада қаржы пирамидасының жетекшілері сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Antares» қаржы пирамидасының 2 жетекшісінің мүліктері тәркіленіп, 5 жыл 6 ай және 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Мемлекеттік айыптаушы барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі жөніндегі уәждерін жоққа шығарды.

Кінәлілер Instagram және Telegram әлеуметтік желілері арқылы қысқа мерзімде ақша табу мүмкіндігін жарнамалап, салынған ақшаны жылдық 300%-ға дейін көбейтуге уәде берген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұл ретте 33 адам пирамидаға 245 миллионнан астам теңге салған.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама