×

Теңгенің дизайны тағы өзгерді (ФОТО, ВИДЕО)

Жаңа банкнот сериясы өндірілген уақытта айналымға түседі

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2023 | 13:55
фото: ҚР Ұлттық банкі

Бүгін Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде Ұлттық банк екі үлгідегі 500, 1 000, 2 000, 5 000, 10 000 номиналындағы жаңа банкноттар мен 20 000 теңгенің жаңа үлгісін таныстырды.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін жаңа банкнот сериясы өндірілген уақытта айналымға түседі. Оның ішінде номиналы 5 000 теңге болатын жаңартылған дизайнның алғашқы банкноты биыл жыл соңына дейін қолжетімді болады.

Айта кетсек, халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноттардың дизайны жалған ақша жасаушылықтан қорғау мен алдын алудың жетілдірілген дәрежелерін енгізу мақсатында осылай кезең-кезеңімен жаңартылып отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама