×

Алматы облысында ауруханадан 2,1 млрд теңге ұрланған

Күдіктілер қамауға алынды

 Дәурен Ерболат 13.11.2023 | 09:39
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында аурухана басшысы мен есепші 2,1 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Өңірде аурухана басшысы мен есепшісі өздеріне бағынышты ұйымдардан медициналық бұйымдарды өтірік сатып алып отырған. Бүгінде ҚМА-ның аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде ұрлық жасалды деген күдік бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Медициналық мекеме 2020 жылғы қазанда сенімгерлік басқаруға берілді. 2020-2022 жылдар аралығында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бөлінген 2,1 млрд теңгеден аса қаражат ұрланған. Аурухана басшысы мен есепшіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама