×

Яхтаны несиеге алғандар да байлық салығын төлейді – Әлібек Қуантыров

iPhone сатып алғандар байлық салығын төлемейді

 Дәурен Ерболат 27.10.2023 | 14:35
көрнекі фото: fullpicture.ru

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қымбат мүлікті несиеге алған қазақстандықтар да байлық салығын төлеуге міндеттелетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттағы Үкімет сағатынан шыққан министрге журналист сұрақ қойды:

Қазақстанда тұрғындар мақтанғанды жақсы көреді. Сондай әдет бар. Мысалы, қазақстандықтардың бірі несиеге яхта салып алды делік. Осы жағдайда мүлікке байлық салығы қарастырыла ма?

Әлібек Қуантыров байлық салығы аса қымбат мүлікке салынатынын атап өтті.

«Әрине, байлық салығы (қымбат) мүлікке және тағы басқа объектілерге салынады. Сондықтан оның мүлікті қалай сатып алғаны маңызды емес. Ақшаға немесе несиеге алды ма? Бастысы ол мүлкін тіркеп, жылжитын немесе жылжымайтын мүлік үшін салығын төлеуге тиіс», - деді министр.

Министрдің айтуынша, iPhone сатып алғандарға бұл салық салынбайды.

Біз қымбат заттар туралы айтып тұрмыз. Мысалы, 200 мың доллар тұратын көлік. Егер ол несиеге сатып алынса да байлық салығын төлеуге тиіс. Ал, ең қымбат iPhone 1,5 мың доллар тұрады, - деді Әлібек Қуантыров.

Сондай-ақ министр байлық салығы нақты қандай мүлікке салытынатынын түсіндірді.

«Мысалы, 100 млн теңге тұратын автомобиль. Бұл жағдайда көлік салығына қосымша байлық салығын төлейсіз. Қымбат жылжымайтын мүлік сатып алдыңыз, бұл жағдайда да байлық салығын төлейсіз. Біз салық мөлшерін талқылап жатырмыз.

Жылжымайтын мүліктің шкаласы бар. Тек оның есептеу методологиясы басқаша болады.

Түсіндірейін. Адамның 5 пәтері бар делік, оның әрқайсы орташа есеппен 10 млн теңге тұрады. Енді бұл пәтерлер жеке есептелмейді, олардың шартты құны 50 млн теңге болады. Сонымен қатар адам 200-300 млн теңгеге көлік сатып алса, немесе оны алу үшін кредит алса да, байлық салығын төлейді», - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама