×

Елордалық спорт мектебі бюджеттің 178 млн теңгесіне велосипедтерді заңсыз сатып алмақ болған

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 26.10.2023 | 16:14
Фото: gov.kz

Елордалық спорт мектебі бюджет қаражаты есебінен 178 млн теңгеге велосипедтерді заңсыз сатып алмақ болған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының мәліметінше, бюджет және мемлекеттік сатып алу заң нормаларының сақталуына талдау жүргізілген.

Қалалық спорт мектебінің мемлекеттік сатып алу порталы арқылы басқа заңды тұлғаның балансында тұрған «Astana Bike» жүйесіне арналған велосипедтерді сатып алу бойынша конкурсты жөнсіз жариялағаны анықталды. Аталған әрекеттер Бюджет кодексі 4-бабының 9-тармақшасына қайшы келеді және Жарғымен бекітілген мектеп қызметінің түрлеріне сәйкес келмейді, – делінген прокуратура хабараламасында.

Прокуратураның қадағалау актісімен 178 миллион теңгеге заңсыз сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама