×

Астана әуежайында 6 жүк тиеуші жолаушылардың заттарын ұрлаумен айналысқан

Ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды

 Еркеғали Болатұлы 25.10.2023 | 18:24
фото: Астана қалалық ПД

Астана әуежайында жолаушылардың багажынан заттар ұрлаған топ ұсталды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соңғы уақытта елорданың әуе айлағында жолаушылардың қолма-қол ақшасы, алтын бұйымдары мен басқа да құнды заттары жиі жоғалған. Одан бөлек, чемодандарды рұқсатсыз ашу оқиғалары да жиілеп кеткен.

Мысалы, 2023 жылдың тамызында Астана-Ыстанбұл рейсі жолаушысының ұшып келе жатып чемоданынан 19 мың АҚШ долларын жоғалтқаны анықталды. Сондай-ақ Астанада Дубай рейсіндегі жолаушының багажынан 7 800 доллар ұрланғаны туралы хабарланған, - делінген хабарламада.

Әуежайда жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адам қылмыс жасады деген күдікке ілініп, ұсталды.

Ұсталғандар кінәларын мойындады. Ақшаның бір бөлігі тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде, - деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама