×

Түркістан облыстық білім басқармасы 22,6 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

Сондай-ақ талдау аясында еңбекақы төлеу қоры бойынша жүйелік жымқырудың схемасы анықталған

 Динара Амантай 05.10.2023 | 13:50
Фото: gov.kz

Түркістан облысында білім басқармасы 22,6 млрд теңгені негізсіз жұмысамақ болған. Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы Мұрат Төлеубаев ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Департаментте білім беруді қаржыландырудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, нәтижесінде облыстық білім басқармасы негізсіз жоспарлаған 22,6 млрд теңге бюджет қаражаты қысқартылды. Үнемделген қаржы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандыруға, жылыту жүйесін газға көшіруге, мектеп парталарын, тақталарды және мектепке дейінгі ұйымдарға жиһаздар сатып алумен қатар, білім беру мекемелерін жөндеу жұмыстарына бағытталды, – деді Мұрат Төлеубаев.

Спикердің айтуынша, талдау аясында еңбекақы төлеу қоры бойынша жүйелік жымқырудың схемасы анықталған. Бұл схемалар жыл сайын қолданылып келген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама