×

Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында автотұрақ бағасы қымбаттады

Жолаушылардың көліктерін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдырып кетуі салдарынан басқалар бос орын таба алмай жатады

 Еркеғали Болатұлы 01.10.2023 | 18:12
Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгіннен бастап Астанадағы халықаралық әуежайдың аймағында көліктер үшін тұрақтың бағасы көтерілді.

Әуежай кешені алдындағы тұрақтың P4-P6 аймағына көлік қалдыру құны екінші және үшінші тәулікте 2 мың теңге, 3 тәуліктен артық болған жағдайда тәулігіне 3 мың теңге болады. Ал P1-P3 аймағында бірінші және екінші күні 3 мың теңге, ал үшінші тәуліктен бастап 4 мың теңге болмақ.

Сондай-ақ жабық тұраққа көлік қалдырсаңыз, кейінгі тәулікте көктем-жаз мезгілінде тәулігіне 3 мың теңгеге, күз-қыс мезгілінде 4 мың теңгеге дейін өседі, - дейді әуежай мамандары.

Қазір жолаушылар өз көліктерін 7 тәуліктен 40 тәулікке дейін әуежай тұрағына қалдырып кетеді. Соның салдарынан басқа адамдар тұрақтан бос орын таба алмай жатады. Оған қоса, қыста қар тазалау жұмыстарына да кедергі келтіреді.

Әуежайдың тұрағы көлікті қысқа мерзімге қалдыруға арналған. Ал ұзақ мерзімге қалдырушылар тегін тұрақты пайдалана алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама