×

«5 мың теңге – кейбіреулер үшін қомақты қаржы»: вице-министр бәс тігуге жаңа тәсіл ұсынды

Тағы бір ұсыныс – онлайн ресурстарға қатысу уақытын шектеу

 Еркеғали Болатұлы 22.09.2023 | 09:32
фото: Halyq Uni

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстанда лудоманиямен күрестің «ерекше тәсілі» болатынын айтты.

Шенеунік букмекерлік кеңселерге енді жағдайы жақсы, табысы көп қазақстандықтар ғана бара алатындай ставканың ең төмен мөлшерін анықтауды ұсынды.

Шектеу немесе төменгі бәсті бекіту туралы жоспар бар. Бәсті жеткілікті ақшасы бар адамдар тіге алатындай етеміз. Мысалы, 5 мың теңге – кейбіреулер үшін қомақты қаржы. Сол себепті ақшасы жоқтар тіге алмайды. Тағы бір ұсыныс – онлайн ресурстарға қатысу уақытын шектеу. Ол аптасына 30 минут қана бәс тігетін сайттарға кіре алады, – деп түсіндірді Ержан Еркінбаев.

Журналистер бәс тігуді шектеу шарасы оқушылардың түскі асқа деп берілген ақшаны онлайн-казиноларға жұмсамауына көбірек бағытталған деп болжады. Әйтпесе, 5 мың теңге қатардағы жалақыға жұмыс істейтіндер үшін де «қомақты қаржы» емес.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама