×

Шымкентте шенеунік 700 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Қаржы 150 ауланы абаттандыруға бөлінген

 Дәурен Ерболат 20.09.2023 | 10:02
Фото: Halyq Uni

Шымкентте шенеуніктің абаттандыруға бөлінген қаражат көлемін 700 млн теңгеге негізсіз қымбаттатқаны белгілі болды, деп хабарлады ҚМА.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдік бойынша істі тергеп жатыр.

Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, қаладағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан. Ол 700 млн теңгеден асатын сомаға, яғни аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен шенеунік ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама