×

Астанада 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшылары тергеліп жатыр

5 адам қамауға алынды

 Динара Амантай 20.09.2023 | 09:52
Фото: Halyq Uni

Астанада 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Елорда прокуратурасының мәліметінше, 2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарған. Осы кезеңде прокуратура 4 мың 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады.

Уәкілетті органмен 2019-2023 жылдары үлескерлерден ақша тартуға хақысы жоқ 149 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен кезеңде 4 құрылысшы сотталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бүгінде полицейлермен 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр. 5 адам қамауға алынды. Олардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама