Министр әкімдіктердің шаруаларға қанша теңге қарыз екенін айтты
Фермерлер осы субсидиялар сомасын жылдың соңына дейін төлеуді сұрап отыр
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әкімдіктердің шаруалар алдындағы қарыз көлемін жариялады.
Бұл жөнінде бүгінгі Үкімет отырысында мәлім етілді. Министрдің айтуынша, әкімдіктердің шаруалар алдындағы субсидия қарызы 155,5 млрд теңгеге жеткен.
Қазір әкімдіктердің деректері бойынша фермерлердің алдындағы субсидиялау бойынша қарыздарды өтеуге деген қажеттілік 155,5 млрд теңге болды. Фермерлер осы субсидиялар сомасын жылдың соңына дейін төлеуді сұрап отыр, - деді Айдарбек Сапаров.