×

Балалар бағдарламасынан ақша жеп 5 жыл арқалады

Алматыда Artsport бағдарламасын ақша жеген кәсіпкер сотталды

 Ербол Тұрымбет 15.09.2023 | 09:03
Коллаж: Halyq Uni

Алматыда Бостандық аудандық сотының 2023 жылғы 31 тамыздағы №2 үкімімен Әнуарбек Сұлтанұлы Чакиев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары «Әділдік жолы» РҚБ Алматы қалалық филиалының өтініші бойынша басталған еді.

Оның кінәсі – Алматыда «Artsport» мемлекеттік бағдарламасына бөлінген ақшаны жымқырғаны. Жергілікті кәсіпкерлік басқармасы өз есебінен қаржыландырып, аталған бағдарлама арқылы балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларына тегін қатысуына мүмкіндік беру көзделген еді. Ал Әнуарбек Чакиев балалар туралы жалған мәлімет енгізіп,  24 963 011 теңгені қалтаға басқан болып шықты.

Бұл жымысқы ойын іске асыру үшін Әнуарбек Чакиев 2021 жылдың қазанында сол мектептердің басшыларымен мүлікті 3 жылға қайтарымсыз жалға алу келісімшартын жасасады. Мүлік дегеніңіз спорт ғимараттары. Бұл жерде мектеп директорлары да өз қызметін асыра пайдаланған. Өйткені, мемлекет мүлкін басқару мен оны жарату олардың құзырына кірмейді. Онымен қалалық мемлекеттік активтер басқармасы айналысуы керек.

Ал Чакиев сол ойын іске асыруды ойлап, сол мектептердегі мұғалімдерді де қарамағына тартып, әрқайсына айына 100 мың теңгеден төлеп отыратын болады. Онысын ресми түрде еңбек келісімшарымен рәсімдемеген.

Одан бөлек, мектеп директорлары мен мұғалімдер ата-аналарға ескертпей Чакиевке оқушылардың ЖСН мен басқа да жеке мәліметтерін беріп отырған. Ал ол оны балалар үйірмелер мен секцияларға барып жүр деген жалған есепке пайдаланған. Негізі бұл нағыз жеке деректер туралы заңды өрескел бұзу. Сайып келгенде, мектеп басшылары мен мұғалімдер осындай ауыр қылмыс жасауға қолғабыс еткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама