Елімізде тұрғын үй алып-сату 22 пайызға азайған

Қымбат Елтайқызы

Баспана ең көп және ең аз сатылған өңірлер де белгілі болды

фото: Halyq Uni

Қазақстанда тұрғын үйді алып-сату келісімдерінің саны 22,5%-ға азайған. 2022 жылғы сәуірде баспананы сатып алу-сату бойынша 52 520 мәміле тіркелген. Яғни, көрсеткіш наурызбен (67 801) салыстырғанда 22,5%-ға аз, деп мәлімдеді ұлттық статистика бюросы.

«Сатып алудың ең көп саны Қарағанды облысында – 8 898, одан кейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, тиісінше 6 583 әрі 5 900 шарт. Наурызда да дәл осы үш аймақ тұрғын үй нарығы саудасында көш бастаған болатын. Мәміле саны ең аз болған өңір – Солтүстік Қазақстан облысы, 958. Қазақстандықтарды көбіне көппәтерлі баспана қызықтырған, барлығы – 38 149 келісім. Көппәтерлі тұрғын үйлердегі бөлмелер саны тұрғысынан екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сәуірде 15 мыңнан астам екі бөлмелі пәтер рәсімделді, ал бір бөлмелісі одан сәл аз – 13 мың. Жеке үйлер бойынша 14 371 мәміле рәсімделген. Жер үйлерді Алматы, Кызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындарды құп көрген», – дейді бюро.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы сәуірде баспананы сатып алу-сату келісімдерінің саны өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 12%-ға азайған. Баспана нарығындағы мәмілелердің өткен жылғы сәуірмен салыстырғанда ең көп азаюы Маңғыстау облысында тіркелген – 48,9

Елімізде баспана тағы қымбаттады. Шымкентте тұрғын үй алуға өтініш бергендер тізімінде екі ауданның әкімі жүр.