Halyq Uni логотип
×

Монополистер коммуналдық тарифтерді негізсіз көтергені үшін 5,5 млрд теңге төледі

Олардың мүліктері де тәркіленді

 Қымбат Елтайқызы 12.05.2022 | 11:50
Монополистер коммуналдық тарифтерді негізсіз көтергені үшін 5,5 млрд теңге төледі
коллаж: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен монополистер тарифтерді негізсіз көтергені үшін 5,5 млрд теңге төледі.

«Агенттік президент тапсырмасын орындау мақсатында коммуналдық қызмет тарифтерін қалыптастыруға ықпал ететін негізсіз шығындарды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жүргізілген кешенді жұмыс нәтижесінде жылу, электр қуаты, су және газбен қамту саласында 16 кәсіпорын мен 2 лауазымды тұлғаға қатысты 21 сотқа дейінгі тергеу басталды», – дейді ҚМА.

Ведомство мәліметінше, осы істердің барлығы бойынша 5,5 млрд теңгенің шығыны өтеліп, 1,9 млрд теңгенің мүлкі бұғатталды.

Қаржылық мониторинг агенттігі бағалар әрі тарифтерді негізсіз өсіру фактілеріне жол бермеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Қазақстанда алты айға коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізілмек. Халық коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий кезінде 3 млрд теңге үнемдейді. Прокуратура «Алматы су» мекемесіне 2,3 миллион теңгеге айыппұл салды. Петропавл қаласы қоқыстың астында қалуы мүмкін. Мамлюткадағы дау: Мамандардың жоқтығынан жаңадан салынған жылу қазандықтары істен шығып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама