×

«Бәйтерек» холдингі 380,6 млрд теңге таза пайдасының 58,6 млрд теңгесін мемлекетке төледі

322 млрд теңгені холдинг өзіне алып қалды

 Бауыржан Мұқанов 03.09.2023 | 13:22
Фото: zakon.kz

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 2022 жылғы шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігі бекітілді, деп хабарлайды Қазақстан қор нарығының баспасөз қызметі.

Қор нарығының хабарлауынша, холдинг былтыр 380,6 млрд теңге таза табыс тапқан. Соның ішінде 58,6 млрд теңге дивиденд ретінде төленіп, 322 млрд теңге компанияның иелігінде қалмақ.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр холдингке қарасты компаниялардың топ-менеджменті 1,4 млрд теңге сыйақы алған еді.  

Ал биыл, холдингке қарасты Bereke Bank басшылығына 2,8 млрд теңге сыйақы төленді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама