×

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі аяқталып қалды

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жерінде тапсырады

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2023 | 10:05
фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кірістер комитеті 15 қыркүйекте жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінің декларациясын электронды тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салды.

Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің штаттық қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары алғаш рет тапсырады.

Мұндай ұйымдарға азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызмет көрсететін жеке тұлғалар және олардың жұбайлары (мұндай ұйымдардың штаттық қызметкері еместер) декларацияны 2023 жылы тапсырмайды.

Декларацияны «Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электронды үкімет» порталы (egov.kz) көмегімен және e-Salyq Azamat, eGov mobile, Halyk мобильді қосымшасы арқылы тапсыруға болады.

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты жерінде тапсырады.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырудың толық нұсқаулығы мына видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама