×

Мемлекетке қайтарылған активтер тиімді шартпен нарыққа шығарылады

2024 жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады

 Халық үні 01.09.2023 | 12:15
Фото: Halyq Uni

Президент шетелге заңсыз шығарылған активтер қайтарылғаннан кейін оны нарыққа шығаруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің экономикаға ықпалын азайту туралы айтты.

Қазір жекеменшікке заңсыз өткен және шетелге шығарылған бірқатар активтер мемлекетке қайтарылып жатыр. Біз ашық әрі бәсекеге қабілетті экономика құрып жатырмыз. Сондықтан қайтарылған активтің бәрін ашық түрде және мемлекет үшін тиімді шартпен нарыққа шығару керек. Жалпы, жекешелендіру және халықтық ІРО жұмыстарын барынша тездету қажет, - деді Тоқаев.

Басты мақсат – активтерді басқару ісінің ашықтығын және тиімділігін барынша арттыру.

«Самұрық-Қазына» қорының бейінді емес активтерінің бәрі жеке меншікке және халықтық ІРО-ға өтуі керек. Үкімет бұл жұмысты 2024 жылдан бастап қолға алады. 2024 жылы «Air Astana» компаниясы халықтық ІРО-ға шығарылады. «QazaqGaz» кәсіпорны да осы жұмысқа дайындалуы керек. Ірі компаниялардағы мемлекет активтері саудаға шығуға тиіс, - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, елімізде «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңы қабылданды. 

Заңның негізгі мақсаты – Қазақстанның аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін заңнамалық параметрлерді айқындау, сондай-ақ оларды заңсыз иемденуге және шығаруға ықпал еткен жағдайларды жою.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама