×

Қарағанды облысында білім саласы бойынша ақша жымқырудың 12 фактісі анықталды

Бұл фактілер мектептегі бухгалтерлік есеп жүйелерімен Оқу-ағарту министрлігі және Қазынашылық комитеті байланысының болмауынан туындап отыр

 Динара Амантай 31.08.2023 | 14:36
Фото: СЖҚА Қарағанды обл. департаменті

Қарағанды облысында білім саласы бойынша ақша жымқырудың 12 фактісі анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ведомство басшысының қатысуымен білім саласы қызметкерлерінің облыстық Тамыз кеңесі өткен.

Тек соңғы 3 жылда мемлекет бұл салаға 12,1 трлн теңге жұмсаған. Бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 28%-ын қамтиды. Осы ретте облыстың білім басқармасымен аталмыш салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша жалақы қорынан бюджет қаражатын жымқыру схемалары анықталды, – делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, 102 млн теңге көлемінде 12 жымқыру фактісі болған. Қазір 77 млн теңге қайтарылды.

Бұл фактілер мектептегі бухгалтерлік есеп жүйелерімен Оқу-ағарту министрлігі және Қазынашылық комитеті байланысының болмауынан туындап отыр. Білім саласына қатысты көрсетілген мәселелерді түбегейлі өзгерту үшін жергілікті деңгейден бастап, барлық бюджеттік процесстерді автоматтандыруды толық қамтамасыз ету қажет, – делінген Антикор хабарламасында.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін іске асыру үшін «Жол картасы» қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама