×

Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі пәтерлерді 5 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Антикор жыл басынан бері 800 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдеді

 Динара Амантай 12.08.2023 | 15:00
Коллаж: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қызылорда облысы бойынша департаменті жыл басынан бері 800 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың мәліметінше, биыл маусымда «Қызылорда қаласының құрылыс бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алу арқылы 540 млн теңге бюджет қаражатына 11 пәтер алуды жоспарлаған. Сараптау кезінде әрбір пәтер 5 есеге дейін асыра бағаланып есептелгені анықталды. Яғни, мемлекеттік мекеме бір пәтерді 49 170 000 теңгеге сатып алуды көздеген.

Департаментпен мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысына пәтерлерді сатып алуға жоспарланған бағаны қайта қарау туралы ұсыныс хат жолданды. Нәтижесінде, жарияланған мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылып, 500 млн теңгеден аса қаржы үнемделді, – делінген Антикор хабарламасында .

Айта кетсек, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сатып алу нарығының ашықтығы мен қолжетімділігін арттыратын «Біріңғай сатып алу терезесі» веб-порталына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама