×

Жетісу облысында әкімдік газдандыру кезінде 150 млн теңгенің жұмысын негізсіз енгізген

Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 07.08.2023 | 14:41
Фото: inform.kz

Жетісу облысының прокуратурасы талдау аясында 150 млн теңгеден астам сомаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен материалдарды анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Ескелді ауданының газ тарату желілерін салу» жобалық-сметалық құжаттамасында 75 шақырым болат құбырды тарту жұмысын жүргізген. Бұл ретте жобада көрсетілген жұмыстың 26 шақырым көлемінде бекітілгені көрсетілген. Бұл сол орындарға барумен дәлелденген.

Жобаға негізсіз енгізілген жұмыстар мен нақты жұмыстар арасындағы айырмашылық 49 шақырымнан аса желіні құрады.

Прокуратура актісі бойынша тапсырыс беруші негізсіз енгізілген жұмыстарды жойып, шарт сомасын азайтты. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама