×

Астаналықтардың кемінде 51%-ы жолақы төлемейді - автобус паркiнің басшысы

Ал бұл дегеніміз – біздің шығынымыз, жалақымыз, уақытында сатып алған жанар-жағар майдың қосалқы бөлшектері, - дейді ол

 Еркеғали Болатұлы 26.07.2023 | 12:57
фото: ашық дереккөз

Астанадағы қоғамдық көліктегі жолаушылардың жартысынан көбі жол ақысын төлемейді. Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «№1 автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шакаев айтты.

Бізде нақты кестелер, нақты жоспарлар бар. Барлық автобус жолаушылардың бар-жоғына және төлемақысына қарамастан желіге шығады. Біздің барлық автобуста GPS орнатылған. Сол GPS аялдамадағы таблоларға қанша уақытта келетінін көрсетеді. Егер тоблолар істен шықса, оны «Сити ЭС» деген компания жөндейді. Бірақ тағы бір мәселе, Астанада кейбір жерде интернет желісі әлсіз ұстайды, ол мәселе бізде қарастылырылып жатыр, - деді Медет Шакаев.

Оның айтуынша, қазір қалада жолаушылардың басым бөлігі жол ақысын төлемейді.

Соңғы CTS деректері валидацияның ұлғаюы ең аз екенін көрсетті, яғни 51%. Бұл – жолаушылардың кемінде 51 пайызы жолақы төлемейді деген сөз. Ал бұл дегеніміз – біздің шығынымыз, жалақымыз, уақытында сатып алған жанар-жағармайдың қосалқы бөлшектері.

Елорда тұрғындарынан жол ақысын төлеу қажеттігін өтінемін. 100 адам тасымалдайтын болсақ, 51 адам жол ақысын төлемейді», - деді Медет Шақаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама