×

Адамдар пара беру әрекетіне саналы түрде барады - Антикор

Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1576 қылмыс тіркелді

Марат Ахметжанов, Антикор төрағасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, биыл 11 айда 1500-ден астам жемқорлық қылмысы тіркелген. 1280 адам әшкереленді, оның 159-ы әртүрлі деңгейдегі басшылар. Мемлекет бюджетіне 20 млрд теңгеден астам залал өтелді.

Агенттік төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, адамдар шенеуніктерді парамен сатып алуға саналы түрде барады.

Егер 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша фактілерді тіркеу барлық қылмыстың 10%-ын құраса (2733 / 274), 2021 жылы бұл көрсеткіш оның үштен бірін құрайды (1576 / 564), - деді агенттік төрағасы.

Пара беру жағдайы көбіне рұқсат алу, мемлекеттік сатып алуда жеңіске жету, кедендік рәсімдеу мақсатында кездеседі екен.

Агенттік төрағасының мәліметінше, биыл бір вице-министр, 13 әкім және оның орынбасарлары, 4 судья және 28 облыстық басқарма басшысы парақорлықпен ұсталды.

Одан бөлек, агенттік төрағасы ауыл шаруашылығы саласында 960 қылмыстың жартысынан астамы субсидия жымқыруға қатысты екенін айтты. Қазір Антикор 62 қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр. Қылмыстық іс негізінен орта буынды шенеуніктер мен кәсіпкерлерге қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама