Кімдердікі екені де белгілі болды
Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов бұл туралы бүгін халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның сөзінше, бағдарлама бюджет саласы мен квазисектордың бір миллионнан аса өндірістік-персоналдық қызметкерінің еңбекақысын көтеруге бағытталған. Оның ішінде 850 мыңы дәрігер, мұғалім, ғалымдар секілді бюджет саласындағы, ал 200 мыңы өндіріс саласындағы азаматтар. Осы мәселеге қатысты келесі аптада «Самұрық-Қазынада» арнайы кездесу өтеді. Сол жерде сұрақтар жеке-жеке талқыланбақ.
Сонымен қатар 2,8 млн қызметкердің айлығын арттыруды бизнес және мемлекет арасындағы қарым-қатынастарға тікелей қатысы бар жобалар арқасында жүзеге асырамыз. Әсіресе мемлекет қолдауына тікелей атсалысатын бизнес саласына 2,8 млн қызметкердің жалақысын ұлғайту туралы талап қойылады, – деді Тоғжанов.
Пандемия кезінде үй бетін көрмей жұмыс істеген шымкенттік дәрігерлер уәде етілген үстемеақысын ала алмай жүр. Шымкенттің бас дәрігері үстемақыға қатысты даудан кейін қызметінен босатылды. Қазақстандықтардың орташа жалақысы белгілі болды. Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшыларының туыстары жұмыс істемей-ақ жалақы алып келген. «Сізге ескерткіш қоямын». Ақтау әкімі қала тұрғынына айлығының жартысын бөліп беретінін айтты. Елордадағы LRT құрылысы тоқтап тұрса да компаниядағы 40 адам жалақы алып отыр.