×

Шымкенттің бас дәрігері үстемақыға қатысты даудан кейін қызметінен босатылды

Бақытжан Пазылов 2020 жылдың қазанынан бастап басқарма басшысы болды

фото: Halyq Uni

Пандемия кезінде жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне үстемақыны үлестіремін деп, сол күйі уәдесін орындамаған Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті.

Өткен аптада Шымкент қаласының бір топ медицина мамандары індет өршіп тұрған кезде үй бетін көрмей жұмыс істеп, сол еңбегі үшін лайықты жалақысын да, уәде етілген үстемақыны да алмағанын айтып, қала әкімдігі мен басқарма басшысын кінәлаған еді.

Қалалық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Бақытжан Пазылов індет өршіп тұрғанда лицензиясы жоқ жеке клиникаға науқастарды қабылдауға бұйрық беріп, жұмыс істеуге рұқсат еткен. Ал, елдегі эпидемиологиялық ахуал реттелгенде, кезінде уәдені үйіп-төккен басқарма башысы медицина қызметкерлерінің еңбегін бағаламаған.

Лайықты ақысын ала алмай жүрген, жеке клиниканың жабылуына байланысты жұмыссыз қалған медицина қызметкерлері жақын арада клиника басшылығы мен жауапты шенеуніктерден көмек болмаса, тиісті министрлікке арыз жазуға бекініп отыр.

Алайда, басқарма басшысы бәрін шешуге уәде бергенмен, көп ұзамай қызметінен босатылды. Ол 2020 жылдың қазанынан бастап Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы қызметін атқарды.

Бақытжан Пазылов әйелінің денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кеткен. Басқарманың экс-басшысы әйелінің сырқатына байланысты соңғы бірнеше ай бойы жұмыста болмағанын мойындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама