×

Қазақстанның ең кедей өңірлері белгілі болды

Екі аймақ тұрғындарының тұрмыс деңгейі басқаларға қарағанда нашар болып шықты

 Қымбат Елтайқызы 26.04.2022 | 17:45
коллаж: Halyq Uni

2021 жылы кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша, 2021 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасына жетпейтін халық үлесі 5,2% құрады (2020 жылы – 5,3%). 2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Cұлтанда (2,2%) тіркелді, – дейді ұлттық статистика бюросы.

«Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған) халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. 2021 жылы еліміз бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте, әр аймақтың өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», - деп түсіндірді ұлттық статистика бюросының еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Қазақстанда миллион адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді – Тоқаев. Елімізде миллионнан астам адам несиені өтеу мерзімін бұзған. Банкрот деп танылған азаматтар шетелге шыға алмайды – қаржы министрлігі. Қазақстандықтар қандай жағдайда өзін банкрот деп тани алады. Халық табысы қалай артпақ - ұлттық экономика министрлігі бағдарлама әзірледі. Ұсынылған жұмыстан бас тартса, АӘК алты айға тоқтатылады – Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

ШҚО-дағы 197 елді мекенде әлі күнге дейін мобильді интернет жоқ

Бұл мәселені 2025 жылға дейін шешеміз, - дейді министр
28.05.2023 | 15:15

Астанада емханалардың жеке медициналық зертханаларға қарызы 5 млрд теңгеге жетті

Мәселе қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты, - дейді Абай Ахметбек
28.05.2023 | 14:23

Ашаршылық туралы кітап пен Абай үйі: Кельнде Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр

Еуропадағы қазақ мәдени ұйымдарының саны артып келеді
28.05.2023 | 14:05

Елордада тағы 12 автобустың бағдары өзгерді

Өзгерген қозғалыс сызбасымен сілтемедегі сурет арқылы танысуға болады
28.05.2023 | 13:47