×

Банкрот деп танылған азаматтар шетелге шыға алмайды – Қаржы министрлігі

Қазақстандықтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады

 Айнұр Шошаева 09.02.2022 | 15:24
коллаж: Halyq Uni

Елімізде банкрот деп танылған азаматтарға шетелге шығуға тыйым салынады. Бұл туралы Қаржы министрінің бірінші орынбасары Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Заң жобасында банкрот деп танылған қазақстандықтардың берешегі шегерілгенімен, оларға бірқатар шектеу шарасын қабылдау көзделіп отыр. 

Заң жобасында банктрот деп танылған азаматтарға 5 жыл бойы қарыз немесе несие алуға тыйым салу көзделген. Сонымен қатар қазақстандықтар 3 жыл бойы емделуді, жақын туыстарын емделуге ертіп жүруді немесе жерлеуге баруды айтпағанда, елден тыс жерлерге шыға алмайды, - деді Сұлтанғазиев.   

Оның айтуынша, азаматтар банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады. Сондықтан өзін банкрот деп жарияламас бұрын адам ықтимал салдары мен шектеулері туралы ойлануы тиіс. Сондай-ақ банкроттар үшін белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға тыйым салынбайды. 

«Біз бұл заңды адам өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіріп, белсенді экономикалық өмірді бастауы үшін әзірлеп жатырмыз. Сондықтан ешқандай шектеу қоймаймыз. Сонымен қатар жекелеген сарапшының мемлекеттік қызметпен айналысуды шектеу, банкрот деп танылған адамдар үшін қаржы институттарындағы кейбір жекелеген лауазымды шектеу туралы ұсыныстары бар. Бұл әлі де талқыланады», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда миллионнан астам адамның несиені өтеу мерзімін бұзғаны белгілі болды.

Кеше Президент «Елімізде миллион адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Қарызға батқандар мен кедейлер үлесі артып бара жатыр» деген болатын

Серіктес жаңалықтары

Сараптама