×

Абай облысында монополист жылу энергиясының бағасын негізсіз қымбаттатқан

Өңірде 900-ден аса тұрғынның құқығы қорғалды

 Динара Амантай 10.06.2023 | 12:50
Фото: gov.kz

Абай облысында монополист жылу энергиясының бағасын негізсіз қымбаттатқан, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, Шуақ ауылының тұтынушылары үшін қабылданған шаралармен жылу энергиясына уақытша өтемдік тариф белгіленді. Бұл тарифті 55,2%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Мемлекет пайдасына негізсіз алынған табыстан 13 млн теңгеден аса қаражат өндіріліп, 908 азаматтың құқықтары қорғалған.

Табиғи монополия субъектісі 3 жыл бойы көмірді жоғары бағамен (тоннасына 13-тен 15 мың теңгеге дейін) сатып алғаны анықталды, ал ол кезеңде облыстың басқа аудандарында көмірдің құны төмен болды (8-ден 5 мың теңгеге дейін).

Шуақ ауылының тұтынушыларын жылу энергиясымен бөлу, өткізу және жабдықтау 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде өтемдік тарифті есепке алмай, бекітілмеген тарифтер бойынша негізсіз жүзеге асырылды.

Бұдан бөлек, Шуақ ауылындағы қазандық үшін қатты отын сатып алу облыстық бюджет қаражатынан субсидиялау есебінен жүзеге асырылды (198 млн.теңгеден астам сомаға), алайда, тарифті белгілеу кезінде көрсетілген шығыс бөлігінен шегерілген жоқ. Бұл ретте сумен жабдықтау жөніндегі қызметтер көлемінің негізсіз ұлғаюы жүргізілді.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша табиғи монополиялар субъектісі айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. «Қаражыра ЛТД» АҚ-мен тікелей шарт жасасу туралы мәселе қозғалды. Абай облысының Табиғи монополия департаменті сумен жабдықтау бойынша тарифтік сметаны қайта есептейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама