×

Жаркенттік алаяқ ауыл тұрғындарын жәрдемақы рәсімдеп беремін деп алдаған

Олар күдіктіге 100-300 мың теңгеге дейін берген

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2023 | 17:25
фото: Halyq Uni

Жетісу облысы Панфилов ауданының полицейлері ауыл тұрғындарына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеп беруді уәде еткен 50 жастағы алаяқ әйелді ұстады. Ол Жаркент қаласының тұрғыны болып шықты.

Жәбірленушілердің әрқайсысы ресімдеу процесін тездету үшін күдіктіге 100-300 мың теңгеге дейін берген.

Жергілікті тұрғын анықталып, аудан бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Әйелдің дәрігер еместігі және оның осындай жәрдемақыларды тағайындауға жауапты МӘС-пен (медициналық-әлеуметтік сараптама) ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды. Бүгінде жәбірленушілерге келтірген залал шамамен 1,5 млн теңге болады, - деді Панфилов аудандық полиция бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы («Бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама