×

Медициналық сақтандыру қорының қызметкерлеріне 9 млрд теңге жалақы төленген

Қызметкерлердің орташа жалақысы 450 мың теңге

 Айнұр Шошаева 19.05.2023 | 14:05
Фото: newsexplorer.net

2022 жылы Қазақстанда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге 9 млрд теңгеден астам сома жұмсалды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мекеменің басқарма төрағасы Сәбит Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.   

Орта есеппен алғанда 2022 жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерді ұстауға 9 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Қорда мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бізде барлық облыстарда филиалдар бар, оларда  700-ге жуық адам жұмыс істейді, – деді ол. 

Сондай-ақ ол әлеуметтік сақтандыру қорында мамандар көп тұрақтамайтынын атап өтті. 

Орташа жалақы – шамамен 450 мың теңге. Бірақ бірден айтайын, бұл көп сома емес. Өйткені бізде жыл сайын кадрлардың ауысыу 22 пайызды құрайды. Яғни әрбір бесінші адам жыл сайын жұмыстан кетеді деген сөз. Жүктеме өте үлкен болғандықтан, жұмыс та өте көп. Сәйкесінше олар мұндай жүктемеге шыдамай, кетеді. Егер бізде жақсы жалақы болса, онда адамдар бізден кетпейтін еді, – деп қосты Сәбит Ахметов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама