×

Жарнама салығы: 12 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, кәсіпкерлерге 12 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

Gрокурорлар 1600-ден астам заңсыз салық алу фактіcін анықтады

 Халық үні 15.05.2023 | 09:54
фото: Halyq Uni

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі қызмет шеңберінде прокуратура органдары бизнес субъектілеріне жарнама салығын есептеу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.

Кәсіпкерлерден белгілер үшін сыртқы жарнама ретінде салық төлемдері барлық жерде алынғаны анықталды.

Алайда «Жарнама туралы» заңға сәйкес, белгіге салық салынбайды, өйткені ол сыртқы (визуалды) жарнама болып есептелмейді.

Мұндай тәжірибе әкімдіктердің фискалдық органдарға жарнама ретінде анықтай отырып, белгіні пайдаланатын кәсіпкерлер туралы мәліметтерді ұсынуы нәтижесінде қолға алынған.

Мысалы, Алматы облысында әкімдік жарнама үшін салық төлеуші ретінде «А.» ЖК туралы мәліметтерді жіберген кезде ғимараттың төбесіндегі дүкеннің белгісі ғана алынды.

Сонымен қатар, Қызылорда облысында бизнес объектілерінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін 18 кәсіпкерге салықтық төлемдерді негізсіз есептеу фактісі анықталды, олар да заң талаптарына сәйкес салық салуға жатпаған.

Жалпы, прокурорлар 1600-ден астам заңсыз салық алу фактіcін анықтады.

Бүгінге прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 725 бизнес субъектісінің құқығы қорғалды, 12 млн теңгеден астам қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама