×

Ақмола облысында мектеп басшылығы оқу кабинетін 2 есе қымбат бағаға сатып алмақ болған

Жыл басынан бері Антикордың ұсынымымен 600 млн теңгеден аса бюджет қаржысы үнемделді

 Динара Амантай 13.05.2023 | 13:13
Фото: nv.kz

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны негізсіз көтеру фактілерін көрсетті.

Мысалы, Ақкөл ауданындағы мектептердің бірі бастапқыда оқу кабинетін 16,6 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған болатын. Ал мұндай кабинеттің орташа нарықтық құны 6-дан 8,5 млн теңгеге дейін өзгереді. Департаменттің уақтылы ұсынысының нәтижесінде мекеме тауардың бағасын екі есеге, яғни 7,5 млн теңгеге дейін төмендетті. Нәтижесінде бюджетті үнемдеу 9 млн теңгені құрады.

Зеренді ауданының білім бөлімінде ағымдағы жылдың қаңтар айында АИ-92 маркалы бензинді 15 млн теңгеге немесе бір литрін 321 теңгеге сатып алу жоспарланған болатын, бұл осы кезеңдегі бензиннің нарықтық құнынан екі есе жоғары. Өңірлік Антикор араласқаннан кейін үнемдеу шамамен 2 млн теңгені құрады.

Департаменттің ұсынымдары бойынша жыл басынан бері 30-ға жуық мемлекеттік органдар мен ұйымдар сатып алу жоспарларын қайта қарап, 600 млн теңгеден астам сомаға бюджетті үнемдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама