Halyq Uni логотип
×

Қаржы пирамидасын жарнамалайтындар қылмыстық жауапқа тартылады

Депутаттар осындай заң жобасын әзірледі

 Ербол Тұрымбет 13.04.2022 | 15:05
Қаржы пирамидасын жарнамалайтындар қылмыстық жауапқа тартылады
коллаж: Halyq Uni

«MUDARABAH CAPITAL» ЖШС-нен зардап шеккен әйелдің оқиғасынан соң мәжіліс депутаттары қаржы пирамидасына қатысты заң талаптарын күшейтуді қарастырып жатыр. Олар қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заң жобасын дайындап қойған. 

Мәжілісмен Юрий Лидің айтуынша, заң жобасы жақын арада қаралады. 

Жарнамалаушылар қара халықтың сенімін, қаржылық сауатының төмендігін пайдаланып, мыңдаған қазақстандықты жинаған қаражатынан, көлігінен, пәтерінен айырды, қыруар қарызға батырды. Медиа тұлғалардың, блогерлер мен вайнерлердің осындай пирамидалардың жарнамасына қатысуын өте ұят, тіпті қылмыс деп санаймыз. Қазірдің өзінде олардың көпшілігіне қатысты тергеу жүріп жатыр, – дейді депутат. 

Оның сөзінше, тиісті органдар интернет алаяқтықпен және қаржылық пирамидамен күрес жөніндегі жол картасын жасаған. Дегенмен ол биыл ғана жүзеге асып жатыр. Оның үстіне бас прокуратурада арнайы мекемеаралық комиссия жұмыс істейді. Бірақ осыншама кешенді жұмыстың нәтижесі көрінбей отыр. Ал халық ол жұмыстар туралы тіпті хабарсыз.

Биыл Қазақстанда 3 мыңнан астам адам қаржы пирамидасына алданған. Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын. «Тергеу барысына жасалған қысым деп ойлаймын»: Вице-министр өзін өртеген әйел туралы

Серіктес жаңалықтары

Сараптама