×

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерге қатысты тергеу аяқталуға жақын

11 сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасына алданған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді

 Ербол Тұрымбет 13.04.2022 | 12:55
скриншот: әлеуметтік желі

Ішкі істер министрлігінің тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов танымал вайнерлер жарнамасын жасаған Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты тергеу шараларының аяқталуға жақын қалғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азимжан Саидбаев сияқты танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді. 2021 жылы вайнерлер Mudarabah Capital компаниясын жарнамалай бастаған. Үшеуі де компанияның құрылтайшысы болған.

2021 жылдың қазанында Mudarabah Capital қаржы пирамидасы деп танылып, компания иесі ұсталды. Бұл қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікті деп танылды.

М.Төребаев пен М.Шерниязов 1000 АЕК (3 063 000 теңге) көлемінде кепіл төлеп, соттың соңғы шешіміне дейін бостылды. Ал, шетелге қашып кеткен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Жақын арада барлық материал процеске қатысушыларға таныстырылады, содан кейін сотқа жіберіледі. Тергеу кезінде күдіктілерге қатысты толық дәлелдер жиналды, - деді Санжар Әділов.

Айта кетейік, 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 миллион теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберді. 1990 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігімен 1 көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізіліп, реанимация бөліміне жатқызылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама